АЛТЫНОРДА
Новости

Курск шайқасының 70 жылдығына орай астаналық ардагерлерге құрмет көрсетілді

images
Астана. 18 қыркүйек. Baq. kz- Биыл Курск шайқасына 70 жыл толды. Осы атаулы датаға орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясы, Курск облысының губернаторы Александр Михайловты қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында Қазақстан астанасы мен Курск облысы әкімдіктері Ниеттестік туралы хаттамаға қол қойды. Бұл құжат екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық, ғылыми-техникалық байланысты дамытуға септігін тигізеді.

Кездесудің салтанатты рәсімінен кейін Курск шайқасының 70 жылдығына орай Александр Михайлов астаналық 16 ардагерге естелік төсбелгісін тапсырды.

Екатерина Плужникова, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Мұндай құрмет көрсетілгеніне өте қуаныштымын. Өйткені қатары азайып бара жатқан қарттар үшін бұл зор қуаныш, әрі мақтаныш.

Курск шайқасына Қазақстаннан 72 және 73-гвардиялық, және 8, 387-атқыштар дивизиясы, мыңдаған жауынгер қатысты. Бүгінде республика бойынша бұл ұрысқа қатысқан 355 ардагер болса, соның 31-і Астанада тұрады.

http://baq.kz/kk/news/35898