Солтүстік Корея мен ресми Сеул арасындағы барлық экономикалық ынтымақтастық доғарылды. Ресми Пхеньян бұл қадамға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оған қарсы экономикалық шектеулер енгізгеннен кейін барды, деп хабарлайды «Ренхап». Сондай-ақ Пхеньян Солтүстік Кореядағы Кымгансан тауларында туризмді дамыту жобасын тоқтатып, Кэсон өндірістік аймағының жұмысын доғарған Оңтүстік Кореяның активтерін сатып жіберетінін айтты. Ал таяуда ғана Солтүстік Корея Жапон теңізінің айдынына қатарынан 2 баллистикалық зымыран ұшырған болатын.
Источник: http://24.kz/kz