Асқар Жұмағалиев төрағалығымен өткен кеңеске «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ басшысы Ерік Сұлтанов және «Қазақавтожол» РММ басшысы Серік Ақтанов қатысты.
Күн тәртібінде автокөліктің қыс кезіндегі қатерсіз және тосқауылсыз қозғалысын қамсыздандыру сұрақтары қарастырылып, қолайсыз күн райы кезінде қолданылатын жариялау сызбалары бекітілді. Сонымен бірге кеңеске қатысушылар дайындық жұмыстарының барысы, қар тазалау техникасының дайындығы, қөқтайғаққа қарсы материалдар, өндіріс ғимараттар мен жылыту орындарының дайындығы туралы мәлімдеме жасады.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдарды қысқы кезде күтіп-ұстау техникасының дайындығы 86 пайызды құрап отыр, ал материалдар дайындамасы 80 пайызға орындалған.
Өткізіліп жатқан шаралар шеңберінде 3,5 мың уақытша жол белгілері орнату және 5 п.м. қардан қорғаныш қалқандары орнату жоспарланып отыр.
Өндіріс қорларын (гараж–тұрақтарды), қазандықтарды, жылытатын бекеттер мен химреагенттерді сақтау қоймаларын жөндеу жұмыстары біту кезеңінде. Қазірде 42 мың м3 құм, 5,3 мың тұз, 143 мың литр бензин, 431 тонна дизель жанармайы дайындалған.
Сонымен қатар кеңес қатысушылары қыс кезінде республикалық жолдардағы ахуалды тәулік бойы «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожол» диспетчер қызметтері бақылайтыны туралы айтты. Қолайсыз күн райы туралы жедел ақпарат, ТЖМ, ҚР ІІМ және ККМ бекіткен қолайсыз күн райы және төтенше жағдайлар туындау кезінде жариялау Сызбасына сәйкес, гидрометеоқызметтерінен алынады.
Министр Асқар Жұмағалиев жол-пайдалану мекемелеріне және олардың бөлімшелеріне осы бағыттағы жұмысты күшейтуге тапсырма берді. Атап айтқанда, қажет көмір, жанар-жағармай материалдар, көктайғаққа карсы материалдар және тасымалды қардан қорғаныш қалқандар қорын қамтамасыз ету, өндіріс базалары мен жылыту бекеттерін қысқыға толығымен дайындау, «Астана-Щучинск» автожолын қажет қар тазалау техникасымен толымдау, тұрақты қар бөгеу қоршауларын орнату жұмыстарын бітіру жайында айтылды.
Дуанабай Жолдасбек