БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си
көлемі 2 млрд. долларды құрайтын дамушы елдерге көмек көрсетуге арналған қор құрып, сондай-ақ оларға салынатын тікелей инвестицияларды айтарлықтай өсіруге уәде берді. Бұл туралы «Қамшы»порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Төрағаның айтуынша, инвестициялардың көлемі жақын 15 жылда 12 млрд. долларға жетуі мүмкін. Сонымен қатар қытай басшысы біреудің мүддесінен гөрі әділдікті жоғары орынға қоятынын айтып өткен.
Көрші елдің көшбасшысы бірқатар ең кедей шағын аралдық мемлекеттердің қарыздарын кешіретінін айтып, уәде берді. Бірақ қандай мемлекеттер туралы айтылып отырғанын ашып көрсеткен жоқ.
«Қамшы» сілтейді