Қытай мен Оңтүстік Кореяда ОҚО инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
Сеулде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған форум өтіп, оған Оңтүстік Кореяның түрлі экономикалық секторларында қызмет ететін 180 кәсіпкер қатысты. Нәтижесінде, екі ел арасында 11 меморандумға қол қойылды.
Атап өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды бастаған бір топ кәсіпкерлер Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс сапарымен барған. Форумнан бөлек ресми кездесулер өтті. Онда өңірлік деңгейде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Оңтүстік Корея мен біздің облыстың кәсіпкерлерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға жағдай жасау жайы және Кенгидо провинциясында құрылған инвестициялық хабқа Оңтүстік Қазақстан облысының қатысуы сөз болды.
Сапар барысында делегация Оңтүстік Кореядағы агроөнеркәсіп кешендері мен ондағы ірі инновациялық агротехникалық институтты, өнеркәсіптік жылыжайлар мен Еуропалық іскерлік әріптестік орталығын және тағы басқа ұйымдарды аралады.
ОҚО делегациясы Сиань қаласында ұйымдастырылған Қытайдың ауыл шарушалығы саласындағы жаңа технологиялар тақырыбында өткізілген 22-ші жәрмеңкесіне және арнайы форумға қатысты.
http://www.inform.kz/