АЛТЫНОРДА
Иносми

ҚЫТАЙ ҰЙҒЫРЛАРДАН НЕГЕ СЕСКЕНДІ?

китайАҚШ Гуантанамода отырған қытайлық үш ұйғырды Словакияға жіберу туралы шешім шығарған болатын. Алайда, бұл Қытайдың шамына тиіп отыр.
АҚШ үкіметінің өкілі Мари Харф: «АҚШ үкіметі бұл ұйғыр азаматтарға «соғысқұмар жау» ретінде қарамайды.Және оларды әрі қарай қамауда ұстауға ниетті де емес. Бұл үшеуі 2008 жылы федералдық сот шешімімен Гуантанамодан босатылған 17 ұйғыр тұтқынның ішінде болған» деді. Тұтқындарға Қытай билігінің де іш тартып отырмағаны анық. Тіпті, оларды Қытайдың Сыртқы істер министрлігі «елдің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірушітерроршылар» деп те атады. Министрлік өкілі Цинь Ган: «Олар нағыз терроршылар. Олар тек Қытайдың ғана емес, өздерін қабылдайтын кез келген елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп кесіп айтты. Кейбір мәліметке сүйенсек, Гуантанамо түрмесінде отырған ұйғырдың көбі 2001 жылы Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында ұсталып, Талибанның арнайы дайындығынан өткен екен. Қытайдың тұтқындардан сескеніп отырғаны да сондықтан. Аракідік толқу ұйымдастырып, автономиялық ел болуға талпынған ұйғырлардың да ойында не жатқаны тағы белгісіз.

 

Динара Дүрмән