АЛТЫНОРДА
Иносми

ҚЫТАЙ ХАЛҚЫ БІР ЖЫЛДА ЖЕТІ МИЛЛИОНҒА ӨСТІ

china(1)Қытай халқы 2014 жылдың аяғындағы деректер бойынша 1 млрд. 367 млн адамға жетті. Жыл ішінде 7,1 млн адамға ұлғайған, делінген ҚХР мемлекеттік статистикалық басқармасының жариялаған хабарламасында. Бұл туралы ТАСС  хабарлады.Ведомство деректері бойынша, өткен жылы елде 16,9 млн. бала дүниеге келсе, 9,8 млн. өлім-жітім тіркелген.ҚХР-да гендерлік теңгерімсіздік сақталған, ер адамдар әйелдерге қарағанда, 33,8 миллионға көп.16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны ҚХР халқының 17,5 пайызын құрайды. Еңбекке қабілетті жас (16-60) ел тұрғындарының 67 пайызына келеді. 60-тан асқан егде адамдар қытайлық азаматтардың жалпы санының 15,5 пайызын құрайды.Қытай халқының жартысынан көбі (54,8 пайыз) қалаларда тұрса, ауылдық тұрғындар қытайлықтардың 45,2 пайызын құрайды.Қытай миграциялық үдерістердің жиілігі жағынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болып саналады. Елдегі көшіп-қонушылар саны 253 млн. асып жығылады.

ҚазАқпарат