АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қытайда алғаш рет Зика безгегін жұқтырған адам тіркелді

imagesҚытайда тұрғыннан Зика безгегі табылды, бұл елдегі осындай сырқаттың алғашқы тіркелуі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.Вирус 34 жастағы ер адамнан табылған.

Аурудың симптомдары байқалмайды. Ол әйелдер үшін қауіпті, жүктілік кезінде кейбір шарананы миркоцефалияға шалдықтырады. Сәбидің миының дамуына зақым келіп, басы кішкентай болып қалады.Бразилияда осындай белгімен бірнеше мың бала дүниеге келді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көктемге қарай көптеген елге Зика безгегінің таралу қаупі бар екенін
ескертті.