Әлемдік ақпарат құралдары Қытайдың Шыңжаң өңірінде болып жатқан ұйғырлар мен ханзулар арасындағы қақтығыс туралы жарыса жазып жатыр. Ал Қытайдың өзінде бұл туралы бірен-саран жазбалар болмаса былайғы жұрт бейхабар. Міне 2-3 күннен бері «ғаламторда өсек-аяң таратты» деген желеумен бірнеше адам тұтқындалған көрінеді. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Үрімжі қаласынан 19 адам, Санжы облысынан 26 адам, Байынғол облысынан 6 адамға әкімшілік жаза қолданылыпты.