Бесіктен белі шықпаған балаларымен стақан соғыстырып арақ ішкен Астаналық азматтың әрекетін енді шетелдік басылымдар жарысы жазып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Алғашқылардың бірі болып Ұлыбритания, Австралияның басылымдары жазса, Жаңазеландиялық танымал сайт бейнероликтің басты кейіпкерін «Жылдың ең нашар әкесі» деп атаған. Шетелдік журналистер оқиға Қазақстан жұршылығын дүр сілкіндіргенін, сондай-ақ халық
жаппай талқылап жатқанын да жазған.
Естеріңізге сала кетсек, 16 қаңтар күні әлеуметтік желіде отағасы 2 кішкене қызымен стақан соғыстырып, арақ ішіп отырған бейне жазба тараған еді. Артынша бұл істі ІІМ бақылауға алып, әкеге іздеу салды. Алайда ғаламтордың жұлдызына айналған азамат астаналық полицейлерге өзі келіп, балаларымен арақ емес, су ішкенін мойындады.
Қазір аталған жәйтқа қатысты сот алды тергеу ісі жүргізіліп, қыздарға сараптама тағайындалған. Егер бүлдіршіндердің қанынан спирт табылса әкелері 6 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал дәлелденбесе де бала-шағасымен тәрбиесіз ойын ойнаған отбасы мүшелері ата-аналық құқықтан айрылып, қомақты айыппұл төлеуі де ғажап емес дейді заңгерлер.
http://www.nur.kz/