АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қыздың қылығы көшеде

imagesСақшы – елдің айбыны, жер мен мемлекеттің қорғаушысы. Соңғы кезде ел қорғайтын ерлердің жағасын жыртып, шенін жұлу жаман әдетке айналып бара жатқандай.

Осыдан екі апта бұрын Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның Шардара қаласында полицияға қол көтеріп, оны балағаттаған әйел туралы бей­не­жазба ғаламторда жарық көрді. Әуесқой түсі­рі­лімді мыңдаған адам тама­шалаған. Оқиға былай болады.
Шардарада 1994 жылы туған қыз көлікке еш құ­жат­сыз мініп, жол сақшы­ла­рының назарына түседі. «Темір тұлпарының» шамын жақпай жолға шыққан жүр­гізушіні жол сақшысы тоқ­татып, жүргі­зу­ші куәлігін сұраған. Куәлі­гі болмаған соң ол сақшы­ларға қол көтереді, балағат­тайды. Өз кінәсі үшін кеші­рім сұрамақ түгілі, әлгі өрім­дей жас қыз сақ­шының жаға­сын жыртып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып боқтайды…
Екінші оқиға Түркіс­танда болды. Бейнежазбаға полиция өкіліне қол көте­ріп, оны қылқындырған әйелді сондағы тұрғын­дар­дың бірі ұялы телефонына түсіріп алыпты. Сақшылардың көлігіне жармасып, олардың шенін жыртқан долы әйелдің сөзі мүлде түсініксіз, түсініктісі – балағат сөзі ғана…
Үшінші оқиға Астанада болған. Бұл да әуесқой түсірілім. Мұнда қыздар сақшыға емес, өздерінің құрбыларына жұдырық жұмсайды. Екі топқа бөлі­ніп алып, төбелескен төрт қыздың «майданы» әлеу­меттік желі пайда­лану­шы­лар­дың қызу талқысына түсті…
Осы оқиғалардан кейін көңілге көп ой келетіні анық. Қазақ «қыздың өзі үйде, қылығы түзде» демеуші ме еді. Ер-жігіт­тің алдынан кесіп өтпейтін, атаның сақалын сыйлайтын, азаматтың арын сақтайтын кешегі қарындастарымыздың тәрбиесі, аналарымыздың әдебі болмаушы ма еді. Ал мына қаракөз қарын­дас­та­рымыздың кісі сүймейтін қылығын қалай түсінуге болады? Атпалдай азаматтың жағасына жармасып, сақшының шенін жырту – қазақ қызына ғана емес, мемлекет заңына жат қылық. Бірақ біздің үкілеп отырған аруларымыз осындай ерсі әрекетке барып отыр. Бұл тал бесікте көр­ген тәрбие ме, әлде өзегі бөлек ортасынан алған әдет пе?!. Қайсысы болса да, кісі сүймейтін жат қылық!

Жарас ШӨКЕ

http://jasqazaq.kz/