АЛТЫНОРДА
Новости

Қызылордада «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек-кәсіпкерлерге сыйлықтар тарту етілді.


Қызылордада 8 наурыз мейрамы қарсаңында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында, Халықаралық әйелдер күніне арналған сыйлықтар тарту ету іс-шарасы болып өтті.Алты әйел кісілерге жақсы көңіл күй ушін екі еселенген себеп болды. «Даму-Көмек» бағдарламасының арқасында олар әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Өйткені, алдарына қоятын басты мақсат ол- өздігімен көтеруіне, тұрақты табыс табуға және қоғамдық өмірге толық және тең дәрежеде бейімделуге мүмкіндік алу. Үйінен киім тігетін Жунісова Жанат, Саменова Сәуле, Жадаева Роза, Ибрашева Жанат және Жагыпарова Бибіхадиша өдерінің болашақ кәсіптеріне қажет тігін машинасын сыйлыққа алды. Компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын Жүсіпова Индира ноутбук алды.

      Естеріңізге салсақ, «Даму-Көмек» бағдарламасы арнайы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау үшін шығарылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге өздеріне қажетті ресурста қолдау көрсеткені үшін, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қатысушысы «Фрак Джет» ЖШС-не алғыс білдіреміз.

Көктем мейрамы құтты болсын,құрметті әйелдер!