Латвияда өткен парламент сайлауында елдегі орыстілді тұрғындардың мүддесін қорғайтын «Согласие» социал-демократиялық партиясы жеңіске жетті. Партияны Рига мэрі Нил Ушаков басқарады.
Латвия орталық сайлау комиссиясының басшысы Арнис Цимдарстың 5 қазанда хабарлауынша, «Согласие» партиясына сайлаушылардың 23.13 пайызы дауыс берген.
Бірақ бұған қарамастан, жаңа министрлер кабинетін қазіргі басқарушы коалиция жасақтауы мүмкін. Құрамында қазіргі премьер-министр Лаймдото Страуюмо бар «Единство» бірлестігі сайлауда 21.76 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында 19.62 пайыз дауыс алған «жасылдар» мен шаруалар одағы ұйымы тұр.
Литва парламенті — сеймге бұлардан өзге «Барлығы Латвия үшін! — Отанға және еркіндікке», «Латвия аймақтарын біріктіру» әсіре оңшылдар бірлестігі мен «Латвия — шын ниетпен!» партиясы да өткен.
Латвия парламентіне сайлау 4 қазанда өткен. Дауыс беруге бір жарым миллионға жуық дауыс берушінің 5 пайызға жуығы қатысқан.
http://www.azattyq.org/archive/news/20141006/330/330.html?id=26622246