Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киевпен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) ресейлік гуманитарлық жүкті Украинаға кіргізу туралы келісім жасалғанын мәлімдеді. Бұл жайында ол Берлинде Украина, Германия және Францияның сыртқы істер министрлерімен кездесуінен соң айтты.
Ресейдің Донецк мен Луганск тұрғындарына арналған «гуманитарлық жүгі бар» деген 300-ге тақау «КаМАЗ» көліктері Украинамен шекарада тұр. Киев пен НАТО Ресей гуманитарлық көмекті сылтау етіп Украинаға әскери күш кіргізуі мүмкін деп қауіптенген.
ХҚКК бұған дейін «барлық тараптар жағынан қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе» жүкті қабылдап, ары қарай жеткізетінін білдірген. Украина мен Ресей мұның алдында жүкті толықтай тексеретін болып келіскен.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140818/330/330.html?id=26536038