Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің өз бағытынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Обаманың сөздерінде нақты деректен гөрі кінәлау басым.
Бұл туралы Вести.ru хабарлайды. Украинадағы жағдай туралы сөз қозғаған Лавров Ресейдің АҚШ талаптарына мүлде мойын бұрмайтынын айтты. Ол Америка тарапынан санкцияны алып тастау үшін қойылған түрлі талаптардың Ресейге еш қатысы жоқтығын мәлімдеп, оны орындамайтынын жеткізді. «Біз өз позициямыздан бас тартпаймыз. Өйткені, біздің бағытымыз дұрыс. Біз бәрінен бұрын украин халқы туралы ойлаймыз. Сол себепті, Минскідегі келісім орындалуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз» — деп атап өтті Сергей Лавров.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Лавров АҚШ президенті Обаманың Ресейді әлемге қауіп төндіріп отырғандар қатарында эбола безгегінен кейін екінші орында тұрғанын да орынсыз дейді. Оның айтуынша, Обаманың бұл сөздерінде нақты деректен гөрі кінәлау басым екен.