АЛТЫНОРДА
Новости

Le Monde: Астана мен Париж келісімдері күдікке ілінді

Францияда Николя Саркози президенттік еткен тұста Қазақстан мен Франция үкіметі арасында жасалған құны екі миллиард еуро көлеміндегі келісімнен заңсыз комиссиялық төлем алу фактісі бойынша тергеу басталды деп хабарлайды француздық Le Monde басылымына сілтеме жасаған BBC.

Басылым дерегінше, қаржы жымқыру күдігімен ресми тергеу 2013 жылдың наурызында басталған. Бұл іс бойынша күдікке Николя Саркозиге жақын бірнеше адам іліккен. Басылым тергеу Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы қазанда Парижге сапарында жасалған келісімдерге, оның ішінде Франциядан 45 Eurocopter тікұшағын сатып алу келісіміне қатысты болуы мүмкін деген болжам айтады.

Le Monde басылымы тергеуде Николя Саркозидің 2009 жылы қазанда Қазақстанға жасаған сапары назарға алынып отырғаны, Саркози сол сапардан соң Бельгиядағы қазақстандық олигархтардың мүддесін қорғағаны жайлы жазған.

Саркозидің билігі тұсында министр болған, бұрынғы басқарушы «Халықтық қозғалыс одағы» партиясының мүшесі Тьерри Марьяни тергеуді Саркозидің саяси амбициясымен байланыстырады.

Николя Саркози Франция президенті қызметін 2007-2012 жылдары атқарған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141008/330/330.html?id=26626526