Ресейлік «Левиафан» фильмі «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша жыл сайын берілетін «Алтын глобус» сыйлығын жеңіп алды.
Режиссер Андрей Звягинцевтің драмалық фильмінде ешкіммен санаспайтын дөрекі билікке қарсы шыққан адамның дәрменсіз күресі бейнеленген. Фильмде Ресейдің қиыр солтүстігіндегі қалада тұратын маскүнем механик өзіне зәулім үй соғу үшін жерін тартып алмақ болған қала мэрімен ұстасады.
Осымен 72-рет өткізіліп отырған «Алтын глобус» кино сыйлығын тапсыру салтанаты қаңтардың 11-інде Беверли Хиллзде өтті.
Марапаттау салтанатында актерлер Парижде сатиралық журнал редакциясына шабуыл құрбандарын еске алып қолдарына сөз бостандығын қолдаған плакат ұстап, қызыл түсті төсеніш кілем үстімен жүріп өтті.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26788308