Өрт салдарынан мүлкінен айырылған кейбір кәсіпкерлер өрт арнайы қойды деген ойда. Өртеніп кеткен сұлулық салонының иесі Жанна Ахметованың айтуынша, оның жұмыс істеген орнынан қайдан шыққаны белгісіз бензин құйылған ыдыс табылған.
«Желтоқсанда базарды сүреді деген сыбыс болған. Одан кейін болмайтын болды. Бұл сыбыс болатын, сөздер. Менің шығыным төрт мың доллар. Мен бұл бутикті жақында алғам, онда бәрі өртеніп кетті. Бізге шығынды өтеп береді деген үміттемін», — дейді Ахметова.
Алайда, өзге саудагерлер өрт донер дүңгіршегінен таралды деп айтуда. Онда электропровод тұтанған-мыс. «Біз келгенде оның ішінен түтін шығып жатқан, — дейді донер дүңгіршегінің иесі Ерлан. – Біз отты өртті сөндіруге тырыстық. Бірақ өрт тез таралды, өрт сөндірушілер келгенше бәрі өртеніп кетті».
«Жұлдыз» базарының әкімшілігі қандайда пікір беруден бас тартуда. Қазіргі кезде өртенген аумақ ұлттық ұлан сарбаздарымен қоршауға алынған.
Естеріңізге салсақ, Алматыда «Оптовка» атымен белгілі «Жұлдыз» базарында 23 қазан күні сағат алты жарымдарда өрт болды. Болжалды есеп бойынша 20 шақты сауда орны өртеніп кетті. Алдын ала болжам бойынша өрт шарпыған аумақ 300 квадрат метрді құрайды.
Алматының ІІД ЖБО жедел кезекшісінің ақпаратынша, өрт 07:40-та өрттің таралуы тоқтатылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
http://today.kz/