27 қаңтарда Лондонда Ресей арнайы қызметінің бұрынғы офицері және диссидент Александр Литвиненконың өлімін ашық тергеу қорытындысы бойынша сот тыңдауы басталады. Тергеушілер «Сегіз жыл бұрын қайтыс болған Литвиненконың өліміне Ресей билігінің қатысы бар ма?» деген сауалға жауап іздеген.
Александр Литвиненко 2006 жылы қараша айында Лондондағы Mayflower қонақүйінен шай ішкен соң үш аптадан кейін қайтыс болған. Тергеушілер шайға сирек кездесетін радиоактивті зат қосылғанын анықтаған.
Ұлыбританиялық тергеушілер 2006 жылы қарашаның 1-і күні Лондондағы Mayflower қонақүйінде Литвиненкомен кездескен Ресей азаматтары Андрей Луговой мен Дмитрий Ковтунның улауға қатысы бар деп санайды.
Сот тыңдауы болжам бойынша екі айға жуық уақытқа созылуы мүмкін. Сотты судья Роберт Оуэн жүргізеді. Оуэн бұған дейінгі Литвиненконың өлімін тергеуде коронер (құпия өлімді тергеп, анықтайтын адам) болған. Ол тергеу барысында «Литвиненконың өліміне Ресей билігі айыпты екенін дәлелдейтін айғақтар жеткілікті» деп мәлімдеген.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150127/330/330.html?id=26815337