Британияның мәдениет министрі үйі үшін отставкаға кетті.
Біріккен Корольдіктің Мәдениет және спорт министрі Мария Миллердің ата-аналарының үйіне 90 мың фунт (150,6 мың доллар) жұмсағаны туралы декларациясына байланысты дау-дамайдан кейін ол орынтағынан кетті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Британдықтар әлеуметтік желілерге бұған салық төлеушілердің ақшасы кетті деп ашу-ызаларын білдірген.
Миллер Премьер-Министр Дэвид Кэмеронның атына жазған өтінішінде дау-жанжал оның жұмыс істеуіне мүмкіндік бермегендігін айтқан.
Орын алған жағдайға қарамастан, үкімет басшысы оны қолдағанмен, көптеген партияластары Кэмеронның пікірімен келіспеді.ҚазАқпарат.
http://www.aikyn.kz/articles/view/46592