АЛТЫНОРДА
Новости

Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz – Кеше ғаламтор арқылы халықтан сүйінші сұрап, жағымды жаңалық таратқан өнер жұлдыздары Мәдина Сәдуақасованың тұрмысқа шығып, келін атанғанын жарыса жариялады. Бірнеше жыл бойы «Мәдина қашан отбасын құрады екен» деп тілеуін тілеген халықтың да, көптен бері бұл турасында ойлап жүрген әнші Мәдинаның да арманы 2014 жылдың басында орындалды.

«Сүйген жүрегін» Мәдина Алматы қаласынан тапқан екен. Ғаламтордағы мәліметтерге қарағанда, күйеужігіт жергілікті телеарналардың бірінде режиссер болып жұмыс істейді. Есімі Олжас. Екі жас бүгін некелерін қиып, отбасы атаныпты. Ал, тойларының нақты қашан болары әзірге белгісіз. Халыққа сүйікті әншілерінің жеке өміріне қатысты жағымды жаңалығын алғашқылардың бірі болып Айнұр Тұрсынбаева, Айқын Төлепберген, КЗ тобының әншісі Бейбіт Құшқалиев әлеуметтік желілерге жария еткен.

http://baq.kz/kk/news/41861