АЛТЫНОРДА
Новости

Мадонна жайлы 10 факт

Бала кезден сүйіп тыңдайтын танымал әнші Мадонна жайлы алып-қашпа әңгімелер көп. Өзінің әдептен тыс қылықтарымен, бей әдеп бейнеклиптерімен елді дүрліктірсе де, оның әндері мәңгілік хит болары анық. Аңыз әнші 50-ден асқан шағында да өнердің биік шыңынан ешуақытта төмендеген емес.

1. Луиза Мария Чикконе, болашақ поп-ханшайым канадалық француз Мадонна Луиза Фортин мен итальян Сильвио Чикконенің сегіз баласының үшіншісі. Және Луиза деген есім, оның псевдонимі анасынан қалған. Мадоннаның әкесі сүйікті үлкен қызын «кішкентай Нони» деп еркелеткен.

2. Мадонна өзінің Rochester Adams High School мектебінде үлгерімі нашар оқушылардың қатарында болған, сол себепті 19 жасында оқуды тастап кеткен. Алайда мұғалімдері шәкіртін ешқашан ұмтқан емес, өйткені ол би сыныбы мен театр үйірмесінде үздіктердің қатарында болған.

3. 80-жылдардың басында Мадонна әнші боламын деп алдына нақты мақсат қойған, алайда алдымен барабанда ойнауды үйренген. Ол ешкімге танымал емес Breakfast Club  деген топта барабанда ойнап жүріп, Дэн Гилрой есімді гитаристпен махаббат құрған. Осы топпен Нью-Йорктың тозған клубтарында өнер көрсеткен.

4. Кинода алғаш рет 1979 жылы «Таза құрбан» фильмінде көрінген. Ол Нью-Йорктың ең криминал ауданында трансвеститпен өмір сүріп, оның қорлығынан зәбір көріп жүрген Бруно есімді кейіпкерді ойнайды. Танымал болғаннан кейін жұлдыз бұл фильмге түскеніне өкініп, ашық көріністер шамадан тыс көп деген сылтаумен сот арқылы көрсетілімді доғартуға тырысқан, алайда істі жеңіп шыға алмады. Ал фильмнің режиссері Стефан Левицки журналистерге болашақ жұлдыздың одан рөл өтініп жалынғанын, және бар-жоғы $100 алғанын мақтанышпен айтады.

5. Мадонна танымал «Оққағар» мелодрамасында Кевин Костнердің кейіпкерінің сүйіктісін Рейчел Мэриннің рөлін ойнау керек болған, бірақ картинаның режиссері Мик Джексон басқа танымал әнші – Уитни Хьюстонды таңдаған.

6. Әншінің ағасы Кристоферге сенсек, Мадонна тамақ әзірлеуге аса икемі жоқ. Кристофердің айтуынша, оның асханада дайындай алатын жалғыз тағамы – күріш бәліші. Сонымен қатар, Кристофер қарындасының Нью-Йоркке $35-мен келді деген танымал аңызын жоққа шығарады. Оның айтуынша, сол сәтте Мадоннаның бірнеше келісім-шарты және ауыл қызы үшін жеткілікті гонорары болған.

7. Оның сәтті болуының бір құпиясы – әдеттен тыс қылықтары. 1989 жылы, жанып жатқан крестердің фонында ән салған «Like A Prayer» клипі шыққан соң, Ватикан мен Рим Папасы ресми түрде оған лағнет жаудырған. Сол себепті Pepsi компаниясы онымен қомақты жарнамалық келісім-шартын бұзады. Бұның нәтижесі көп күттірмейді  -«Like A Prayer» әні музыкалық шерулердің алдын бермей, үздік хиттер қатарына қосылды.

8. Мадонна өзін сүюде алдына жан салмайды. Журналистер оның Африка балаларына көмектесуге арналған қайырымдылық шаралары жайлы сұрағанда, әнші: «Мен көзім тірі кезінде Махатма Ганди немесе Мартин Лютер Кинг сияқты болғым келеді» деп жауап берген.

9. Мадонна біраз уақыт дизайнерлікпен де айналысып көрген. Әнші шведтік H&M және американдық Gap маркалары үшін Мисси Элиоттпен біріге отырып өз атымен киімдер үлгісін шығара бастаған. Ұзынқұлаққа сенсек, жұмыс нәтижесі оны қанағаттандырмай, бұл ойынан айнып қалған.

10. Мадоннаның есімі Гиннесс рекордтар кітабына енген: ол бұрын-соңды болмаған ең табысты әйел-әнші деп саналған. Бүгіндікке оның жиған табысы $400 млн құрайды. Бұл жетістікке ол әлем бойынша 200 млн альбомын сатып, адал еңбекпен жеткен. Өзінің 25 жылғы еңбек жолында ол ағылшын UK Top 40 хит-шеруіне кірген 64 хит шығарған.

Суреттер: www.popcornnews.ru, vasi.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

 

http://massaget.kz