АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Маса» жазады, прокуратура»қазады»…

Бірер аптаның алдында сайтымызда Руза Бейсенбайтегінің билік өкілдеріне жазған ашық хаты жарияланған. Онда Керекудегі «Сулпак» дүкенінің қызметшілері мемлекеттік тілді менсінбей, тұтынушы құқығын өрескел бұзғаны туралы айтылып еді. Бұл жөнінде керекулік тіл жанашыры Төлен Рамазанұлы прокуратураға хат жазған екен. Прокуратура істі қолға алғанға ұқсайды.  Руза Бейсенбайтегі шағымын Тілдер басқармасына тапсырса керек. Істің одан арғы өрбуі турасында Руза былай дейді:

«Бүгін Сулпак әкімшілігі және администратор қыз Тілдер басқармасында менен кешірім сұрады. Оны басқарма да, мен де өз тіл, ұлт, мемлекет деген аса қастерлі, әр азаматтың өзінен жоғары қойып құрмейттейтін дүниелер екенін айттық. Көзіне жас алып, түсінгендей болды. Администратор қызға «Ортаңызға барып, басқа да әріптестеріңізге айтыңыз, қазақ тіліне қарсы шығу арқылы өзінің ұлтына, ата-бабаларына, мемлекетіне қарсы шығып жатқандарын мүмкін түсінер, олар да қазақтар ғой».

Жалпы, қазақ елінде жасап жатқан кез келген адамның мемлекеттік тілді менсінбеуге қақысы жоқ. Ол ата заңда жазылған. Сондықтан Руза Бейсенбайтегінің жанайқайы кімді болса да бейжай қалдырмасы анық. Бұл мәселе тек Керекуге ғана қатысты емес. Қазақ жерінің қай пұшағында да қазақ тілі салтанат құруға тиісті. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне мұрын шүйіре қарағандарды заң арқылы тәртіпке келтірген жөн.

 

http://masa.kz/