АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мәскеу Немцовты өлтіруге «тапсырыс берушіні» атады

150307100909_nemtsov_2_624x351_epaРесей тергеу комитеті оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовты өлтіруге Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальонының сарбазы Руслан Мухудинов тапсырыс беріп, ұйымдастырған деп санайды.

Тергеу комитетінің 29 желтоқсанда хабарлауынша, Немцовтың өлімінен кейін ұсталған бес шешен азаматы — Заур Дадаев, Анзор Губашев, Хамзат Бахаев, Шадид Губашев пен Темирлан Эскерхановқа түпкілікті айып қаңтарда тағылады.

Тергеу комитеті Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қауіпсіздік қызметінде жоғары шенді қызмет атқаратын Мухудинов бостандықта жүргенін айтады.

Бірақ Немцов отбасының адвокаты Вадим Прохоров саясаткерді өлтіруге тапсырыс бергендердің соңы Мухудиновпен шектелуі мүмкін деп күдіктенеді.

Борис Немцовты 27 ақпан күні түнде Мәскеудің орталығында атып кеткен.

http://www.azattyq.org/