Ресей оппозициясы «Болотный ісі» бойынша қамалған белсенділер мен саяси тұтқындарды қолдау мақсатында шеру өткізді.
Шараны ұйымдастырған — «Қарсылық әрекеттері комитеті» мен «6 мамыр комитеті».
Осы аптада оппозицияға Мәскеу билігі 20 мыңға дейін адам шығаруға рұқсат берген.
«Болотный ісі» — Мәскеуде 2012 жылы мамыр айында болған тәртіпсіздіктермен байланысты қозғалған іс. Ол жолы билік рұқсат берген шеру полициямен қақтығысқа ұласқан. Оппозиция өкілдері бұл істің «саяси астары бар» дейді. «6 мамыр комитетінің» сайтында іс бойынша 25 адамның тергеуде отырғаны, екі адамың сотталғаны жазылған. Айыпталушылардың 17-сі — тергеу абақтысында, үшеуі — үйқамақта.