Жергілікті құқық қорғау орган өкілдерінің хабарлауынша, әлдекім аялдамаға қолдан жасалған жарылғышты лақтырып кеткен. Нәтижесінде 4 адам шыны жарықшақтарынан жарақат алды. Жараланғандардың біреуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілсе, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жарақатының жеңіл екендігін айтады. Тергеушілер бұл жарылысты лаңкестік әрекет емес, бұзақылық деп отыр. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/95559-arylys-boldy