АЛТЫНОРДА
Новости

Массагеттен мәзір: Бұршақ қосылған палау

Етсіз, фасоль бұршағы қосылған жеңіл палаудың мәзірімен таныс болыңыздар.

Құрамы:

  • 2 шыны күріш;
  • 3 сәбіз;
  • 1 пияз;
  • консервіленген фасоль бұршағы (қатты бұршақты алып, алдын-ала пісірсе болады);
  • қалауыңызша мейіз;
  • тұз, май, бұрыш, сарымсақ, дәмдеуіштер.
Күрішті жуып, суға салып, бұқтырып қойыңыз.
Сәбізді үккіштен өткізіңіз.
Пиязды барынша майдалап тураңыз.
Сарымсақты тазалап қойыңыз.
Ысыған майға пияз бен сәбізді қуырыңыз.
Фасоль бұршағын қосып, тұздап, бұрыш қосыңыз. Мейізді де осы кезде қосады.
5 минуттан кейін су не сорпа құямыз. Оны бір қайнатып, күрішті салыңыз. Сарымсақты күріштің ортасына саламыз. Баяу отта су толықтай буланып кеткенін күтеміз.
Фасоль бұршағы қосылған палау дайын.

Дайындаған: Сания Аринова

 

http://massaget.kz