Пицца балалардың да, ересектердің де сүйіп жейтін тағамы. Егер сіз пиццаның қамырын жасауға ерінсеңіз, дайын қабат қамыр сатып алып, оңай әрі тез әзірленетін пицца жасап көріңіз.
Құрамы:
|
|
Болгар бұрышын майдалап тураймыз. | |
Зәйтүнді дөңгелектеп тураған дұрыс. | |
Табаға май қыздырып, етті қуырып, оған майдаланған пияз бен болгар бұрышын қосамыз. | |
Дайын қабат қамырды төртбұрыштап жаямыз. Қамырды майланған және арнайы қағаз төселген табаға жайғастырыңыз. | |
Қамырдың үстіне кетчуп пен майонез жағыңыз. | |
Үстіне ет салындысын, майдаланған қызанақ пен зәйтүнді жайғастырамыз. Пиццаны 180 градуста 20-25 минут пісіреміз. | |
Пицца дайын болайын дегенде үстіне үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз. Тағы бірнеше минутқа пешке қоямыз. | |
Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова