Астана. 20 тамыз. Baq kz — Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы, зілтемірші Мая Манеза Алматыдағы перзентханалардың бірінде ұл босанды.
Мұндай ақжолтай ақпаратты спортшының жары Вячеслав Ершов хабарлады.
«Жиырмасыншы тамыз яғни бүгін Мая аман-есен босанды. Баламыздың бойы 50 сантиметр, ал салмағы 3 келі. Тұла бойы тұңғышымыздың есімін Арсений деп атадық. Қазір әйелім мен ұлымның жағдайы жақсы»,-деп қуанышымен бөлісті Вячеслав Ершов.