АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Маяковскийдің қызы орыс тілін үйренгісі келеді

mayakovskiy__10Орыстың әйгілі ақыны Владимир Маяковскийдің жалғыз қызы Патрисия Томпсонның арманы – ана тілін үйрену екен. Бұл туралы ол tass.ru-ға берген сұхбатында айтты.

АҚШ-та тұратын 89 жастағы Томпсон ханым Нью-Йорк қалалық университетінің профессоры, философ. Ақынның ұрпағы 20-дан астам кітаптың авторы.

Елден жырақта жүріп, орыс тілін мүлде ұмытқан Патрисия қартайған шағында орысша үйреніп, тіпті Ресей азаматтығын да алғысы келеді екен.

– Мен 5 жасқа дейін ана тілімде сөйледім. Әрине, қазір бала кезімнен есімде қалған, «иә», «жоқ», «рахмет», «мархабат» деген бірді-екілі сөздерді білемін. Алайда, мені бұл білгенім қанағаттандырмайды. Өзім орыс қызы болғандықтан, туған тілімде сөйлегім келеді. Егер мен біреумен күні бойы тек қана орыс тілінде тілдесетін болсам, онда ана тілімді тез игеруіме мүмкіндігім артар еді, – дейді ол.

Ұлы ақынның ұрпағы тек орыс тілін ғана үйренуді мақсат тұтпайды. «Атамекенге табаным тисе, Ресейге жақын болсам» деген арманы да бар.

– Ресей төлқұжатын алу да көптен бері ойымда жүрген. Алайда, Ресей азаматтығын алу бойынша жасап жатқан әрекетім жап-жақсы басталды да кейіннен тоқтап қалды, — дейді Патрисия ханым.

Аян Батыр, aynaline.kz