АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мәжіліс мүгедектер құқығын қорғайтын заңды мақұлдады

скачанные файлы (2)Бүгін мәжіліс бірінші оқылымда мүгедектердің құқықын қорғау туралы заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады.

Заң жобасы бойынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап әуежай, вокзалдарда арнайы жүру жолдарын орнату, арнайы пойыз вагондарын жабдықтау, қоғамдық орындарда арнайы орын бөлу қарастырылған.

Заң жобасын мәжіліске ұсынған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова құжат бойынша төрт кодекс пен 20 заңға түзету енгізу қарастырылып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, заң жобасы ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды өзге де адамдармен тең құқықты етуге әрі олардың әлеуметтік және басқа да қоғамдық мүмкіншіліктерді еркін пайдалануына жағдай жасауға арналған.

«Зағип, құлағы естімейтін адамдарға телебағдарламалар, кітапхана қоры мен әдебиеттер жеткіліксіз. Жаңа заң жобасы осы мәселені шешуге, мүгедектерге ақпарат алуға мүмкіндік береді » деді Дүйсенова.

Министр жаңа заң жобасын жүзеге асыруға бюджеттен 9,9 млрд теңге қажет екенін де айтты.

http://www.azattyq.org/