Американың құқық қорғаушылары Мексикамен арадағы шекара астынан өтетін туннель тапты. Жерасты жолы есірткі тасымалдауға пайдаланылған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Ұзындығы 300 метрден асатын туннель Мексикадағы мейрамханадан басталып шекараның екінші бетіндегі Калифорниядағы үйге дейін созылып жатыр. Оған Америка жағынан кіретін жер ауыр бетон қақпақпен жабылған.
Туннельдің бар екенін білген қауіпсіздік қызметі оны пайдаланған төрт адамды ұстады.
http://www.inform.kz/