АЛТЫНОРДА
Новости

Мемлекеттік қызметкерге мұсылмандық киім міндеттелінді

Астана. 7 сәуір. Baq.kz — Көршілес жатқан қырғыз елінің Джалал-Абад қаласындағы мемлекеттік қызметкерлеріне қасиетті Жұма күні жұмыс орындарына мұсылмандық киіммен келулерін міндеттеу туралы ұсыныс айтылды. Өткен жұма күні алғаш рет бұл ұсыныстың қаншалықты жүзеге асып жатқандығын бақылап, Жұма күні киіп келінген киімдерін тексерді.

Аталмыш қала әкімінің сөзіне сүйенер болсақ, бұл шараның басты мақсаты күнделікті өмірімізде киілетін киімдер мұсылмандыққа лайықты болуына ықпал ету.
Сондай-ақ, егер әрбір жұма сайынғы арнайы тексеріс барысында жоғарыда айтылған талаптарға сай, лайықты түрде киінбеген мемлекеттік қызметкер болатын болса, оған шара қолданылатыны туралы тілге тиек етілген.

 

http://baq.kz/kk/news/45491