АЛТЫНОРДА
Новости

Мемлекеттік рәміздер күні патриоттық акциялар өтеді

АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ – Маусымның 4-і күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Мерекеге орай елордалық әкімдік кеңейтілген бағдарлама ұйымдастыруда.

 

Бүгін Астанада «Қазақстан оқушылары Патриотизм туралы» шығармалар жинағының тұсауы кесіледі. Кітапта мектеп шығармаларының республикалық байқауы аясында дайындаған мектеп оқушыларының шығармалары жарияланған. Байқаудың негізгі тақырыптары – Мәңгілік ел, Қазақстанның мемлекеттік символдары, елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, егеменді елдің өткені, бүгіні мен ертеңі, Отанға деген сүйіспеншілік. Оқушылар көпұлтты еліміздің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, теңдік пен төзімділік, көпмәдениеттілік құндылықтарын да шығармаларына арқау етті, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа ортылығы.
Сонымен қатар, бүгін «Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалды кешенінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдар комиссиясының отырысы өтеді.
4 маусымда Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіз елдің мызғымас негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін егемендік пен тәуелсіздіктің символы ретінде құрметтейтін қазақстандық патриотизмді насихаттау болып табылады.

http://baq.kz/kk/news/48127