АЛТЫНОРДА
Новости

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — МАЙДАН АЛАҢЫ…»

61c6743debfc83f92b5c6718651a9ddb«Қазақ тілі — ғажап тіл… Бұған қазақ даласын шарлаған Еуропа мен Азияның Жиһангез саяхатшылары, тіл саласын зерттеген ғалым, жазушылары баяғыда-ақ бағасын берген. 

Қазақ елі егемендігін алғанына жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, Қазақстан халықтарының ортақ тіліне айналады деген, қазақ тілі әлі күнге мешел болған баладай еңсесін көтере алар емес. «Қазақ-қазақпен қазақша сөйлессін» — деген елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөзі де, «Тіл туралы» Заң да намысы жоқ, өз қағынан өзі жеріген құландай, анасының ақ сүтімен бойына дарыған ана тіліне жатырқай қарап, мұрнын шүйіретін «шала қазақтардың» санасына жетер емес.

М.Дулатұлы: «…Ұлт қайшылығының ең сұмдығы — исі қазақтың екіге бөлінуінде. Біреулері ұлт қамын ойлаушы болса, екіншілері — лыпылдаған жылпас, ұлт қамынан гөрі өз басының қамын көбірек күйттеуші. Қарап тұрсақ, жарық дүниеде сол жылпостардың жолы болғыш-ақ. Сосын ұлт қайтып көгереді, ұлт болашағы қалай өркен жаяды. Бұл ойды Міржақып Дулатұлы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары айтқан екен. Содан бері бір ғасыр өтсе де, Қазақ елі егемендігін алып, тәуелсіздік жолына түссе де, басының қамын бәрінен биік қоятын жылпос, мансапқор, Отанын кез-келген сәтте байлыққа айырбастап кете беретін сатқын қазақ азаматтарын көру — қандай қасірет. Батыстың үлкен ойшылы Э.Томсон: «Отаршылдыққа түскен ел отарлық қамыттан құтылғаннан кейін міндетті түрде — отарсыздануы керек. Отаршылдардың өздері елден кетсе де олардың көлеңкесі қалады. Отаршылдық — азаттық алған елдің барлық саласында төбе көрсетіп отырады. Саяси жүйе өзгерсе де, отаршылдардың ойран салуынан әбден зардап шеккен ұлттық сана көп уақытқа дейін ойрандалған қалпында қалады. Оның өзгеріссіз қалуы — ең алдымен, тілінде көрінеді. Бұл — қоспа мәдениет» — деп жазыпты Э.Томсон. Бүгінгі қазақ республикасындағы болып отырған жағдайды тап басып отыр. Қазір Қазақстанның тілдік кеңістігінде, бірнеше тілдік орта қалыптасып үлгірді. Олар — қазақтілді кеңістік, қазақ-орыстілді кеңістік, орыстілді кеңістік, және орыстардан кейінгі диаспоралардың  тілдік кеңістіктері. Қазақ тілінің кеңістігіне келсек, ол қоғамның ең аз қорғалған және орташа табысты ортасы. Қазақ тілінің үстемдеу ортасы Қызылорда, Атырау облыстары және кейбір қазақ көп шоғырланған алыс аудандарды ғана санатқа алсақ, қалған үлкен қалаларда орыс ұлтының саны көп жерлерде орыс тілінің мерейі үстем. Мәселен,  Алматы, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Теміртау, Екібастұз, Рудиный қалаларында қазақ тілі мүлде сөйленбейді десе болады. Бұл — қасірет пе? Әрине, қасірет. Қазақ тілі өркен жаймаған жерде қандай тәуелсіздік болмақ? Қазір барлық жерлерде қазақ балабақшалары, қазақ мектептері, жоғары оқу орындарында қазақ топтарының саны көбейгені рас. Бірақ, орыс тілді мектептерде 300-мыңнан астам қазақ балаларының оқып жүргені, ол, қазақ мектептерінде 3 мыңға жуық өзге ұлт өкілдерінің оқып жүргені көңілді көншіте ме? Мемлекет Қазақстандық балалардың қазақ тілінде тәрбие мен білім алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен кешенді бағдарламаларды жедел қолға алмаса көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр. Онсыз мемлекеттік тілдің мәселесі 100-жылда да оңалмайды. Республикадағы балалардың миллионға жуығы орыстілді мектептерде білім алуын жалғастыра берсе, елімізде мемлекеттік тілді білмейтіндердің саны азаймайды. «Жығылғанға-жұдырық» дегендей, енді республика көлемінде жас сәбиді алғашқы сыныптан бастап ағылшын, орыс, қазақ тілінде білім беру қолға алынбақшы. Әлі миы қатпаған, балқыған қорғасындай әлі ағза мүшелері қалыптасып үлгірмеген 6-7 жасар бүлдіршіндер мұндай «эксперименттерді» көтере ала ма? Енді жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде ой айтқан ұлы ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың ой-пікірлерін тыңдап көрелік. Украинаның лингвист-ғалымы А.Потебня бір еңбегінде: «…Жас жеткіншектің екі тілді білуі — оның ойлау жүйесін екіге бөледі және қақ жарылған көзқарастың біртұтастануы қиындайды. Бұл — ғылыми австракция жасауға да кедергі келтіреді. Егер мектептегі тіл отбасындағы тілден бөлек болса, екі түрлі «Сана» пайда болып, үйлесімділік қатынас бұзылып, отбасылық Өмір мен Мектеп өмірінің арасында моральдық қақтығыс туындайды»- деп ой түйеді. Бұл — ащы шындық. Кешегі Кеңес Одағы кезінде орыс тілінде білім алып, енді тәуелсіз ел болсақ та, өзінің ана тіліне ызақорлана қарсы шығып жүрген мыңдаған «шала қазақтар» сол күндердің ащы жемістері. Ұлы педагог Н.Д.Ушинскийдің «Родное слово» кітабындағы мына бір тұжырым тіпті керемет. «Халықтың тілі — тарихи тамырын тереңнен алатын, ешқашан солмайтын және халықтың рухани өмірін мәңгілік жайқалтып тұратын — гүл. Тіл арқылы — халық пен ел рухтанады. Тілдің айнадай мөлдір, тұнық тереңінде  ұлттық бүкіл рухани өмірінің тарихы сәулеленіп тұрады. Туған тіл — адамның ұстазы. Ана тілінде айтылған сөз адамның кеудесін жаңғыртып, жүректің «пинкодын» теріп, рухани сезімін түртіп оятады. Жат тілде құлаққа құйылған сөз — баланың жанына жасалған басқыншылық. Оның сан ғасырлық болмысына көрсетілген басқыншылық» — дейді ұлы педагог. Қазақтың үлкен ғалымы, ойшыл-педагогы, жазушы Тұрсынбек  Кәкішов өзінің «Көзқамандар» деген мақаласында: «…Адам өз болмысының терең эмоциясын өз тілінде ғана айтып көрсете алады. Ойын туған тілінде жеткізе алатын дәрежеге жеткен кезде ғана келесі тілді үйренуге болады. Жан сарайын тіл арқылы сыртқа шығара алмаған жағдайда ішкі көңіл-күйі жеңіліс тауып, ой құрылысы бұзылады. Қос тілді меңгерген адамның бойында болмыс пен келімсек пиғылдың күресі басталады. Өйткені, тілмен бірге ой-сана мәдениеті де еріп келеді» — деп өзінің ұзақ жылғы ғұмырындағы көрген-білгені мен ойға түйгендерін кейінгі ұрпақ білсін деп ой тастайды. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов сонау ХХ-ғасырдың басында ұлт үшін шырылдап-ақ бағыпты. Осы бір ұлтжанды жазушы бір мақаласында: «…Оқығандар өзін-өзі тәрбие қылу керек, қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзі ұлтын сүюге, халқына өзін сүйгізуге жиһат қылуы керек. Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.  Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды» — деген пікіріне таң қалмасқа болмайды. Бұған өзі қазақ болса да қазақ тіліне өршелене қарсы шығып кеткен қазақ зиялысы Масанов, Е.Ертісбаев сияқты «мәңгүрт» қазақтарды еріксіз қосуға болады.

Қазақ небір зарлы замандарды басынан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген» халық. Тарихшы М.Қойгелді: «Біз жеңілген ұлтпыз, сондықтан бізде кемшілік көп» деп еді. Қазақ халқы бір емес, талай-талай жеңілді. Ол жеңілістер Ресей империясының отарлық саясатының кезеңдерімен тығыз байланысты. Қазақ халқы отаршыл Ресейдің әскери отарлау, саяси-әкімшілік отарлау, яғни, өзіне бағындырудың бірнеше сатысын басынан кешірді. Бірақ, отарлау саясатының бұл кезеңдерінде қазақ халқының ұлттық рухы сынған жоқ. Үнемі қарсылық көрсетумен болды. Бұған тарихтағы 300-ден астам қарулы ұлт-азаттық көтерілісі айғақ бола алады. ХХ-ғасырдың соңында Ресей империясы отарлық саясаттың жаңа кезеңі — мәдени-рухани отарлау үдірісін бастады. Яғни, саналы отарлауды қолға алды. Бірақ, қазақ халқының рухы бұған да сынған жоқ. «Қазақтың саясы билігін алдық, жерін алдық, салық салып қанадық, сонда да рухы неге сынбайды» — деген ой орыс отаршыларын мазалаумен болды. Дағдарысқа түскен орыс отаршылдарына ең қатерлі жымысқы ойды Сталиндік кезеңде әлемдік үкіметтен толық тәуелсіздік алған Ресейдегі Қазақ төңкерісін жасауға бағыт-бағдар берген екі миллион Еврейдің ақылды ойшылдары еді. Олар тек қазақ халқы ғана емес, бұрынғы Ресей империясындағы барлық ұлттардың рухын сындырудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Ол жүйе — адамды жеке меншіктен айыра отырып, құлдық психологияға үйрету жүйесі болатын. Қазақтың рухани сындыру ХХ-ғасырдың 20-30 жылдары қолындағы барлық меншігі мен қорасындағы малынан айырып, өздерін аш-жалаңаш қалдырып, ашаршылық апанына итеріп жіберген кезде басталды. Қазақтың осы кезде сағы сынды. Сорлы халықты үрей арқылы билеп-төстеді. Жаппай қуғын-сүргін арқылы рухын тұқыртты. Қазақтың соңғы күші 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде ұлттың марқасқа азаматтары түгелге жуық майдан даласынан елге оралмай қалған кезде сарқылды. Қазақ ұлты барлық қабілет-қарымынан жұрдай болды. Соғыстан соң бірден орыстандыру саясатының темір қақпанына түскен ұлтымыздың жас буыны мүлдем ұлттық келбетінен айырылып шыға кеді. Бірақ, жаны сірі халық ұлт перзенті Димаш Ахметұлы Қонаев басқарған 25-жылда тез көбейіп, рухын көтеріп алды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлттық дүмпудің алапат жарылысы, қазақ ұлтының сағы сөнбегендігін бүкіл әлемге айғақтап берді. Тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Сәбит Шілдебай өзінің баспасөз бетінде жарық көрген: «Түрік танырлық балаң, кәне?» — деген мақаласында: «Қазіргі биліктің «Тілдердің үш тұғырлығы» дегенінен асқан қауіп жоқ. «Үш тұғырлы» деген ұғымның өзі арам ойдың туындысы!  Тұғыр адамда біреу ғана болуы тиіс. Ол тұғыр — ана тілің! Ана тіліңде ірге тасыңды бекітпей тұрып, өзге тілдерге оқытып жатқан жапондар ақымақ болмаса керек-ті»  — деген ойы көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басқаны анық. Қазір осыған қазақтың оқығандары өз ойларын білдіруде. Бәрі де әлі ұлт болып ұйысып үлгірмеген қазақ ұлтының жаны — ана тілінің болашағы жайында алаңдаулы. Қазақ үшін — ана тілінен артық ештеңе жоқ. Кез-келген адамның бақыты — ана сүтімен енген тілінің өсіп-өркендеуінде. Жалынды жырлары ана тіліне арнаған бір ақын:

«…Ана тілім болмаса, кетер едім?

Шылауында жүрер ем, бөтен елдің.

Суға түскен бір түйір тұз секілді,

Бірте-бірте жойылып кетер едім?…»  — деп

перзенттік үнін білдірген екен.  Ардақты ана тілін қадірлеу, әрбір қазақ баласының парызы. Алаш арысы Мұстафа Шоқай:

«Кімнен таяқ жегендей,

Бұл — түріктің баласы.

Алдырып жүрген — дұшпанға,

Ауызының аласы…» — деп, сонау өткен ғасырдың басында-ақ шырқырап еді. Ана тіліңді, ардақта, Алаш баласы!

Т.Жалғасбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/31406