АЛТЫНОРДА
Новости

 «Менің атым – Қожа» – тағдырлы фильм. Неге?

«Ол авторларына да, кейіп­кер­леріне де жақсылық алып кел­меді» деген пікір бұрын да айтыл­ған, қазір де ара-тұра айтылып қа­­лады. Фильм экранға шыға са­лысымен, сынның астында қал­ды. Қазақ қоғамы: «Кеңестік пио­нер Қожа тә­різді бұзық болмай­ды, ұстазы-ның қол сөмкесіне құр­бақа сал­майды» деп салқын­қабақ танытты. Тіпті мұндай ба­ғыттағы мақалалар еліміздің бас газеті – «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияла­нып­ты. Қожа­ның атына айтылған сыни пікір­дің бәрі Канн фестивалінде жүл­делі орын алып келген соң ғана БАҚ бетінде тыйылды. «Менің атым – Қожа­ның» 40-45-жылдығы да елеу­сіз қалды. 50 жылдық ме­рей­­тойы аталып өте ме, жоқ па, ол да белгісіз. Оны басты кейіпкерді сом­даған – Қожа – Нұр­ланның өзі де білмейді.

 

Жарты ғасыр бойы үш-төрт тол­қынды тәрбиелеп шыққан тарихи кино 50 жасқа толғанда, маңдайы тасқа соғылғандай бол­ды: Парламентте «Қожа енді көр­сетілмейді. Себебі қазақстандық балалар Қожа тәрізді бұзық бол­мауы тиіс» деген әңгімелер айты­лып қалыпты. Бірақ Аллаға шү­кір, бізге жеткен ақпарат жаңсақ болып шығыпты. Бұл туралы Мә­жіліс депутаты Алдан Смайылов жур­налистерге берген сұх­батын­-да «Менің атым – Қожа» – клас­си­калық туынды. Ол алдағы он­жыл­­дықтарда да осы биігінде қала бе­реді» дейді.

Сонымен, «Менің атым – Қожа» тағдырлы фильм бе? Шы­ғарма авторы Бердібек Соқпақ­баев­ты да, режиссерi Абдолла Қар­­сақбаевты да тағдыр маң­да­йы­нан сипай қоймады.

Абдолла Қарсақбаевтың «Қо­жасына» келер болсақ, онда басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжар (Сегізбаев) соңғы бес-ал­ты жыл­-ға дейін жатақханада тұ­рып келді. Баспанаға қолы жетке­ніне көп бола қойған жоқ. «Қожа арқылы бүкіл қазаққа таныл­ды­ңыз. Осы танымалдылық сізге не берді?» де­ген сауалымызға «Таны­мал­ды­лық маған материалдық тұр­ғы­-дан ештеңе берген жоқ, бі­рақ мен адамдарға ренжімеймін, кері­сін­ше, ылғи алғыс айтып жү­ремін. Жақында Мәдениет және ақпа­-рат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хаммед: «Еңбегі сіңген өнер қай­раткері» деген атағың бар ма?» деп сұрады. «Маған жұрт «халық артисі» атағын беріп қойған» деп қалжыңдадым. Ол осы жылы ми­нистрліктің ескеретінін айтты. Дегенмен Иманғали Тасмағам­бе­товке алғыс айтамын. Ол менің жағдайымды білді де, пәтер сый­лады. Мен, жалпы, қарапайым адам­мын, ешкімнен ештеңе сұра­маймын. Бұл менің әкемнің өмір­лік ережесі еді, мен де осыны ұс­та­намын» деп жауап берген еді.

Өзге кейіпкерлерді сомдаған Сұлтан – М.Көкенов, Жанар – Г.Құрабаева, Жантас – Е.Құр­ма­шевтар қазақ киносы көгінде жарқ етті де жоқ болды. Олар, тіпті түсірілім біткен соң да бір-бірімен кездеспеген. Бір-бірін іздемепті де. Кеңестік жүйе олар­дың басын қосуға ықылас таныт­пады ма, әлде балалар бір-бірімен кездескісі келмеді ме, бізге ол жағы белгісіз. Белгілісі – Сұл­-

тан – Марат медицина инсти­тутында оқып жүргенде белгісіз жағдайда қаза болса, Жантас – Ерлан айдың-күннің аманында жоғалып кетті. Жантас пен Қожа­ның жүрегін жаулап алған Жанар сұлу – Гүлнар Құрабаева мүлдем басқа салаға кетті. Жанар – Гүл­нар, тіпті Мәскеуден келген ша­қыр­туға да келісімін бермеген. Тек Еркін Рақышевтің «Менің де атым Қожа» түсірілімі кезінде бас кейіпкерлер – Нұрлан Санжар мен Гүлнар Құрабаева бір-бірі­-мен кездескен. Кейін бұл туралы Нұрлан Санжар бізге: «Кездесу біткен соң Гүлнар мені іздемеуді өтінді. Себебі қазіргі жұмыс орны оның тарихи кинода басты кейіп­керді ойнағанын білмейді екен». Бізге кейінірек Гүлнар Құрабае­ваның өзімен кездесудің сәті түс­ті. «Ну что, осыдан жарты ғасыр бұрын ойнадым. Казір киноға кім түспей жатыр? Менің бір кездері сол кинода ойнағанымды жал­-ғыз ұлым да білмей келді. Білгенде таңғалғанын жасырмады» дейді.

«Менің атым – Қожа» киносы қоғамның қабағындағы салқын ызғарға қарамастан, жарты ғасыр бойы экран төрінен түспей келеді. Алдағы уақытта да солай болып қала береді. Себебі қазақтың әр­бір баласы Соқпақбаев пен Қар­сақбаевтың Қожасынан өзін та­ниды. Бірақ соған қарамастан, ға­жайып туындыны өмірге алып келгендер – көзден де, көңілден де елеусіз қалды. Біздің қоғам оларды елегісі келмеді.

Қоғам қайраткері, журналист Уәлихан Қалижан осыдан біраз жыл бұрын Парламент қабырға­сында жүргенде Үкіметке сауал жолдаған. Өз сауалында депутат: «Қазақ кино өнерiнiң iрi тұлға­ларының бiрi – Абдолла Қарсақ­баев. Егер ол тiрi болса, үстiмiз­де­гi жылдың күзiнде 85 жасқа толар едi. Өкiнiшi көп өмiрдiң ерте сөнген жарық жұлдыз­да­рының бәрi бiрдей еске алына бермейдi. Ол «Ботагөз», «Қилы кезең» фильм­­дерiнiң екiншi ре­жиссерi болды. «Менiң атым – Қожа», «Алты жасар Алпамыс» сын­ды фильмдерi қазақ кино өнерiнiң алтын қорына ендi. Бел­гiлi кино­режиссердiң 60, 70, 75, 80 жылдық мерейтойлары да атаусыз қалды. Қарсақбаевтың қазақ мәде­ние­тiне қосқан үлесiн ескере оты­­-рып, оның 85 жылдық мерей­тойын атап өтуге байланысты үкi­меттiк комиссия құрылып, тиiс­тi ұйымдастыру шаралары өткiзiлуi керек деп есептеймiн» де­ген болатын. Бірақ депутат кө­терген мәселе Абдолла Қарсақ­баев туралы Алматы мен Астана қалаларында бір-екі рет кездесу өткізумен ғана тәмамдалған. Осы­дан бірер жыл бұрын кино кейіп­керлеріне арнап Алматы мен Ас­тана қалаларының саябақтарын­-

да ескерткіш қойылады деген әң­­гіме шыққан. Рас болса, бұл бастаманы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те құп көрген деседі. Бірақ әңгіме айтылған күйі, қазан жабылған күйі қалды. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтерген Уәлихан Қали­жанның пікірі бүгін де өзгер­ме­ген.

– Уақытпен бірге жаңғыра­-тын дүниелер болады: «Менің атым – Қожа» да сондай дүние­лердің қатарында. Фильмнің жар­ты ғасырлық мерейтойы біз­дің мемлекетімізге керек. Себебі балаларымыз Батыстың дүниеле­ріне мойын бұрып бара жатыр. Балаларымызды жарты ғасырдан бері Қожамен алдап келеміз. Қожаның орнын алмастыратын жаңа туынды келген жоқ. Демек, фильм әлі де талай ондаған жыл­дар бойы өзінің тұғырынан түс­пейді. Жарты ғасырлық ме­рей­тойына фильм кейіпкерлерінің ескерткіштерін сомдап, Алматы мен Астананың көрікті жерлеріне орнату керек, – дейді.

Фильмнің өкіл әкелері Қар­сақ­баев, Соқпақбаевтар арамыз­-да жоқ. Киноның қалай түсі­ріл­гендігі туралы фильмнің екінші режиссері Тұрар Дүйсебаевты қазір екінің бірі біле бермейді. Қа­зақ киносында өзіндік қол­таң­басы бар танымал режиссер қазір Жамбыл қаласында тұрады. Зей­неткер. Жасы тоқсанды алқымдап қалды. Сол кiсiнiң айтуы бойын­ша, Абдолла Қарсақбаевпен екеуi­не «Қожаны» түсiру оңай болма­ған сияқты. Тұрар Дүйсебаевқа сценарийдi көрсетiп, екiншi ре­жиссер болуды өтiнген де Абдолла Қарсақбаевтың өзi екен. Абдолла Қарсақбаев пен Бердiбек Соқ­пақбаевты бiр-бiрiне таныстыр­ған белгiлi жазушы Тахауи Ахта­нов болыпты.

Киноның екiншi режиссерi бол­ған Тұрар аға өзiнiң естелiк­те­рiнiң бiрiнде Қожаның қалай тү­сiрiлгендiгi жөнінде былай дейді.

– Бұл 1963 жыл болатын. Мен Ташкентте жоғары оқу орнын бі­тіріп, «Қазақфильм» киносту­диясында режиссер-документа­лист болып жұмыс істеп жүр­ген-

мін. М.Әуезов туралы тұңғыш де­ректі фильм түсірілетін болып, соның жұмысымен Семей облы­сына жол жүріп кеткен кезім еді. Ки­но­студиядан «шұғыл Алматыға жет» деген хабар келді. Алып-ұшып жетсем, режиссер Абдолла Қар­сақбаев жазушы Бердібек Соқ­пақбаевтың повесі негізінде жа­зылған сценарийді ұнатып, фильм түсіруге ниеттеніп отыр екен. Ма­ған «екінші режиссер бол» деді. Алдымен сценарийді оқып шық­тым. Ұнағаны сондай, бірден ке­лістім. Шығарманың тақырыбы мен сюжеті, балалар әлемін өз тіл­дерінде шебер жет­кізуі мен ондағы шиеленіскен қым-қуыт оқиғалар желісінен бұл фильмнің өміршең туындыға айналатыны аңғарылып тұр еді. Тек жақсылап түсіру керек. Ендігі шаруа — актер іріктеуге құлшына кірісіп кеттік. Бала Қожа мен Сұлтаннан басқа кейіпкерлерді табу қиынға түскен жоқ. Ал Қо­жа… оның мінезін бірқалыпты деу қиындау, ойнақы, сотқар әрі ақылды тентек болуы тиіс еді. Ондай баланы табу оңай болмады. Алматы, Жамбыл об­лыстары, Бішкек қаласындағы мек­тептерді аралап, кастинг өт­кіздік, нәтиже жоқ. Режиссерлер негізінен, пси­холог болып келеді ғой. Баланың қабілетін көзінен көре біледі. Бір­де қызметтесім, фильмнің бас опе­раторы Михаил Аранышев екеуміз киностудияға қарсы бет­тегі дәмханаға бара жаттық. Ал­дымыздан екі оқушы қыз жүгіріп өтті (жанымызда №33 орыс мек­тебі орналасқан еді). Олардың соңынан бір ұл бала қуып келеді екен. Көзіме оттай ба­сылды. Әлгі бала… көзінде бір ұшқын бардай көрінгені. Ішімнен «жер-көктен іздеген Қожамыз – осы» деп түй­дім. Екеулеп жүріп шап беріп ұс­тап алдық. «Жібер, жібер мені» деп қояр емес. «Мен режиссермін, киноға түсетін бала іздеп жүр едім, сенің түр-келбетің соның рөлі­не лайық екен, атың кім өзің­нің?» деп жөнімізді айт­тық. «Не надо, я не хочу сниматься в кино» деп азар да безер. Аты мен мекен­жайын сұрап, қанша әлек­тенсек те тіс жармады. Қырсық екен өзі. Әлгінде қашып бара жат­қан қыз­дар бізге таңдана қарап тұр екен. Аты-жөні Нұрлан Сегіз­баев екенін, әкесінің қызмет ор­нын сол қыздар айтып берді. Тез арада хабарластық. Әкесі Ми­нистр­лер кабинетінде жұмыс іс­тей­тін қар­таң кісі екен. «Ой, ба­лам көнбейді, өте бұзық, одан көршілер де, мұ­ға­лімдер де әбден зәрезап болып біткен, бекер ұятқа қалдырып жүрер мені, қойыңдар» деп болар емес. Мекенжайын сұ­рап алып, кешкісін үйіне бардық. Бала пер­денің ар жағынан жыл­тың-жыл­тың етіп, біз жаққа сыға­лап қарап жүр. Кенже баласы бол­­ған соң, тым еркелетіп жібер­ген екен. Ата-анасы «өзіңіз білі­ңіз, ұятқа қал­дырса, бізді кінәла­маңыз» де­гендей ыңғай білдірді. Ақыры отбасын көндіріп, кино­про­баға шақырдық. Алғашқы фототүсірі­лімдер тамаша шық­ты. А.Қарсақ­баевқа, көркемдік ке­ңес­­ке көрсе­тіп, Қожа рөлін Н.Се­­гізбаев ой­-

най­тын болып жо­ғары жақпен бекітілді. Сұлтан рөліндегі Марат Кәкеновті мон­шадан тап­тым. Сыриған арық ба­лаң жігіт дөрекі мінезімен, шарт-шұрт қи­мылы­мен көзіме ерек­ше кө­рін­ген еді. Оны сы­найын деп «арқам­ды езіп берші, балам» деп өтіндім. «Ар­қаң­ды езетін мен саған мон­ша­шымын ба?» деп өзіме дүрсе қоя бергені. Айтарын айтып, көз ал­дымнан ғайып болды. Артынан жүгіріп шыққанымша, шығып үл­геріпті. Шешесінің жақын жерде бал­мұз­дақ сататынын сұрап-біліп, іздеп бардым. Ол да әлгі Қожаның әке­сіндей тулады. «Қыңыр, қыр­сық бала, денсаулығы нашар, әрі жал­ғыз ұлымыз болған соң беті­нен қақпаушы ек, көне қоймас» деді. Әйтеуір, бәріміз жабылып көн­дірдік. Түйсігім алдамапты, екеуі де сенімімді ақтап, өте жақ­сы ой­нады, – дейді.

Дегенмен Бердібек Соқпақ­баев пен Абдолла Қарсақбаев альянсы фильмнің бағын ашты. Мәселен, «Менiң атым – Қожа» фильмiнде Қожаны сомдаған – Нұрлан Сегiзбаев, Сұлтан – Ма­рат Кәкенов, Майқанова апай­дың бейнесiн сомдаған Рая Мұ­­-

хамедиярова, Рахманов ағайды бейнелеген Кененбай Қожабеков, Қожаның анасының рөлiндегi Би­кен Римова сияқты саңлақтар шеберлiгiнiң арқасында, фильм қазақ киносының тарихында ал­тын әрiптермен жазылды. Кино­драматург Ольга Бондаренко: «Ме­нiң атым – Қожаны» түсiруде Абдолла мектеп директорының рөлiне Кененбай Қожабековтi ала­тынын айтты. Кененбай ол кезде белiнен жарақат алып, мү­гедек болып қалған. Бiрақ еп­теп жүре алатын. Мен қарап тұрмай: «Абдолла, «Қожа» – көңiлдi фильм. Ал Кененбайдың көзiнде мұң бар ғой» дедiм. Сол кездегi Абдолланың маған қалай қара­ғанын көрсеңiз?! Ызалана жалт етiп, сұмдық жек көре қарады. Аздан кейiн көзқарасы өзгерiп: «Түсiнiгiң бар ма десем, сен де осындай ақымақ па едiң?» дегендi аңғартып тұрды. Мен ұялғаным­нан екi қолыммен бетiмдi бас­-тым. Шынында да, ақымақтың сөзiн айтып тұр едiм. Тағдыр тәл­кегiмен мүгедек болып қалған Кененбай барлық фильмдерге бiрдей ойнай алмайтын. Ұлы актер үшiн бұдан өткен азап жоқ. Мына жерде Кененбайды ой­на­тудың сәтi түсiп тұр. «Осыны да тү­сiнбейсiң бе?» деген көз­қа­расы едi бұл Абдолланың. Шын талант­қа, досқа деген адалдықтың бел­гiсi едi» («Қазақ киносының құла­герi». «Бiлiм», 2007 жыл) деп жа­зады.

Бұл – аталмыш киноның бізге белгілі тұстары. Белгісіз сәт­те­рі­нің құпиясын тарих ішіне бүгіп жатыр. «Бердібек Соқпақбаев

пен Абдолла Қарсақбаев кімнің жолын кесті, қазақ ортасы олар­дың мерейтойларын атап өтуге неге құлықты болмады?» деген сұ­рақтарға іздеген жауап жоқ әзір­ге. Белгілісі – фильм дүниеге келген жылдар – қазақ өнері үшін жылымық сәуле пайда болған кезге тура келді. Бірақ соған қара­мастан, қазақ жерінің жүрегі – тың игеру жолында ханталапайға түсті. Шәмші Қалдаяқов пен Жұ­мекен Нәжімеденов «Менің Қа­зақстанымды» жырлады. Мәс­кеуде Мұрат Әуезов бастаған қа­зақтың оқығандары «Жас тұл­пар» болып дүбірледі. Бердібек пен Абдолланың Қожасы «Елдің, жердің иесі – Қожасы менмін» деп қасқайып шықты. Қазақ жері­нің Қожасы коммунистік жүйенің қатып қалған шекпеніне сыймады. Ол еркін қазақтың ХХ ғасырдағы бейнесін сомдап шық­ты.

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ

 

http://www.aikyn.kz