С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында (Төле би,27. Достық даңғ. қиыл)мамыр айының 6 жұлдызында сағ. 15:00 де республикалық балалар шығармасының қорытындысы бойынша «Менің ерекше құрбым = Мой необычный сверстник» атты жинақтың тұсаукесері өтеді.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда мүмкіншілігі шектеулі балалар көбінесе назардан тыс өмір сүретін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай балаларды толық қанды өмірдегі балалар мен ата – аналардың шынайы түрде қабылдауы төмен деңгейде. Қоғамның азаматтық міндеті – осы шектеуді бұзып, өзара сыйластық орнату. Байқаудың негізгі мақсаты да осындай болатын. Еліміздің он облысынан түскен қазақ және орыс тіліндегі екі жүзге жуық шығармаларының қатарына мүмкіндігі шектеулі балалардың да шығармалары болды. Байқауға қалалық және ауылдық мектеп оқушылары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп – интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты.
Тұсаукесер рәсімі баршаға бірдей білім беру Ғаламдық апта қозғалысы аясында, ЮНЕСКО ның жариялаған «Құқық теңдігі, мүмкіндік теңдігі» үндеуіне орай өткізіледі.
Байланыс телефоны: 2917340, 2915310