АЛТЫНОРДА
Новости

Меркель Түркияда мигранттар жайын талқыламақ

скачанные файлыТүркияға сапармен барған Германия канцлері Ангела Меркель Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоглумен мигранттар мәселесі туралы келіссөз өткізеді.

Германиядағы Меркельдің серіктерінің кейбірі мен саяси бәсекелестері шетелден барған босқындар легіне шектеу қою үшін шекарада бақылауды күшейтуді қолдайды. Биыл Германияға шеттен келетін босқындар мен мигранттар саны 800 мыңнан бір миллионға дейін жетеді деген болжам бар.

Еуропа Одағы қазіргі кезде Түркия аумағын паналап отырған екі миллион босқынға қажетті жағдай жасау үшін деп кемінде үш миллиард еуроның жәрдемін ұсынған. Бұған қоса ЕО мигранттарға қатысты келісім аясында Түркия азаматтарына виза тәртібін жеңілдетуге және Түркияның Одаққа қосылуы туралы келіссөздер процесін жылдамдатуға уәде беруі ықтимал деген болжам айтылып отыр.

Бұған дейін президент Ердоған «Еуропа Одағы елдері Түркияға қарағанда босқындарды аз қабылдап отыр» деп мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ол Еуропа Одағы өз қатарына мүше болғысы келген Түркияға «жасандылық танытады» деп сын айтқан.

http://www.azattyq.org/