АЛТЫНОРДА
Новости

Мешімбаева журналистерді тексеру жүргізуге шақырады

Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваны (ортада) сотқа әкеле жатыр. Астана, 27 қаңтар 2014 жыл.   Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваның ісі бойынша өтіп жатқан сот қылмыстық іс материалдарын жариялауға кірісті. Сотталушы журналистерден тексеру жүргізуді сұрады.

Қаңтардың 27-сі күні статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваның ісіне қатысты өтіп жатқан сот тергеу амалдарының келесі сатысы – 32 томнан тұратын іс материалдарын жариялауға көшті. Мешімбаева «2009 жылы өткен халық санағы кезінде бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырған және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 3 миллион теңгеден көп соманың зиянын келтірген» деп айыпталады.
Сотталушының адвокаты Ботакөз Бейсенбаеваның айтуынша, іс бойынша түсінік беруі тиіс барлық куәгерлерден жауап алынған. Бірақ қылмыс жасалған уақыттан бері төрт жыл өтіп кеткендіктен, прокуратура куәгерлердің кейбірін таба алмаған. Сот барлығы 42 адамның түсінігін тыңдаған.

– Барлығы дерлік тергеліп бітті. Бірақ куәгерлердің кейбірі науқастануына,

Адвокат Ботакөз Бейсенбаева. Астана, 27 қаңтар 2014 жыл.Адвокат Ботакөз Бейсенбаева. Астана, 27 қаңтар 2014 жыл.

материалдық қиындықтарына байланысты сотқа келе алмайтынын хабарлап, арыз жазған. «Қазақстанда емеспіз» деген екі куәгердің арызын бүгін көрдім, – дейді Ботакөз Бейсенбаева.

Қаңтар айының басында Астана қаласының Есіл аудандық 2-сотында өткен сот отырыстарының бірінде түрмедегі куәгер – 2010 жылы тоғыз жылға сотталған «Киік» фирмасының құрылтайшысы, кәсіпкер Серік Тұржановтан жауап алынды. Ол – ұлттық халық санағын жүргізу барысында мемлекет ақшасын ірі көлемде жымқырған «статистиктер ісі» бойынша сотталған азаматтардың бірі. Биліктің мәлімдеуінше, бюджеттен санаққа деп бөлінген ақшаны осы кәсіпкердің типографиясы арқылы өткізіп, жымқырған.

Кезінде кәсіпкер Серік Тұржановтан бөлек Анар Мешімбаеваның орынбасарлары Нұрман Баянов пен Берлік Меңдібаев та сотталып, сот екеуін тиісінше алты және жеті жылға түрмеге кескен.

Сот отырыстарының бірінде Серік Тұржанов «қысым көрсетіп жауап алды» деп мәлімдеген. Оның айтуынша, қаржы полициясы қызметкерлері оның басына

Кәсіпкер Серік Тұржанов сотта отыр. Астана, 25 наурыз 2010 жыл.Кәсіпкер Серік Тұржанов сотта отыр. Астана, 25 наурыз 2010 жыл.

пакет кигізіп азаптаған. Бірақ адвокат Ботакөз Бейсенбаеваның айтуынша, сот Тұржановтың мәлімдемесі бойынша әзірше ешқандай шешім қабылдаған жоқ.

Бүгінгі сот отырысына дейін БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берген Анар Мешімбаева журналистерден «қылмыстық істі кім ұйымдастырғанын» анықтау үшін журналистік тексеру жүргізуді сұрады.

– Тексерулер басталғанда мен ешқандай мән бермедім. Мұны телефондағы әңгімелерім де растайды. Мен ешқандай шара қолданған жоқпын, – дейді Мешімбаева.

«Көп нәрсе Мешімбаеваның келесі аптадағы жауаптарынан түсінікті болады» деген адвокат оның айыбы дәлелденбегенін айтады.

Анар Мешімбаева 2009 жылдың қазан айында статистика агенттігі төрайымы қызметінен кеткен еді. Кейін Қазақстаннан да кетіп қалған оған қаржы полициясы іздеу жариялаған. Ол 2013 жылдың басында Мәскеуде ұсталып, қыркүйекте Қазақстанға экстрадицияланған.

Қаңтардың 27-сінде сот Мешімбаева ісінің 32 томдық материалдарын жариялауға кірісті. Бұл іс 2013 жылдың желтоқсан айынан бері Астананың Есіл аудандық 2-сотында қаралып жатыр. Сотталушы айыбын мойындамайды.

http://www.azattyq.org/