Британдық Саутгемптон университетінің ғалымдарының айтуынша, метрода көп жүру адам денсаулығына зиян келтіреді.
Зерттеу нәтижесінде, метродағы ауаның құрамында түрлі металдардың, әсіресе темір мен мыстың көп екендігі белгілі болды. Бұл заттар адамның өкпесіне, бауырына, миына түсіп, сан-қилы аурулардың тууына себеп болады.
Мамандар зерттеу жұмыстарын Еуропаның бірнеше метро станцияларында жүргізген. Олар, осылайша метро токсикалық эффект беретін реактивті молекулалардың көзі екендігін тапты.
Ірі тозаңдар, әдетте адамның мұрын қуысы мен трахеясында тұрып қалады. Ал ұсақ тозаңдар бронхила мен өкпенің қанды тазартып, оттегіге қанықтыратын бөлігіне дейін жете алады.
«Ұсақ тозаңдар қан айналым жүйесіне түсіп кетсе, жүрек, бүйрек, бас миы және бауыр ауруларына себеп болады. Метродағы бұл қауіпке темір жолдардағы механикалық жұмыстардың қарқындылығы себеп», — деді зертету авторларының бірі Мэтт Локсхэм.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: liveinternet.ru