Марченко майлы мұртын тарап орнында отыр. Үкімет ұйқысынан «селк» етіп оянды. Чемоданын көтеріп, креслосын босатқан Серік Әбденов қана. Біздің елдің «Жастарға қамқорлығының» жарқын көріністерінің бірі – осы.
Мемлекеттің тілдің «быт-шытын» шығарып, сақаудың сөзіне айналдырған кез келген шенеунікке тіс жармаған орыс баспасөзі Әбденовті бір ауыз орысша сөзді екі қайталап айтқаны үшін жерден алып, жерге салды. Жұмыртқасын жұмарлап, «қазақтың» бетіне лақтырды. Үсті-басының былапыт болғанымен жұмысы жоқ, біраз қазекең жас министрді «Патамуштамен» мазақтап жетісіп қалды. Ұлт патриоттары әңгіменің бәрі Әбденовте емес екенін айтып, қанша жерден үн қатсада, көз қырын салған ақ жағалы болған жоқ. Енді міне, әліптің артын баққан Елбасымыз тіл қатып, шулы заң жобасын парламентке қайтарды…
Үкімет ұйтқы болған, Марченко түрткі болған «Зейнетақы жүйесі туралы» Заңды Парламенттегі қалаулыларымыз да мақұлдаған. Үш оттың ортасында жүрген Серік мырза ақыры «күйіп» тынды. Егер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі дәл осы аталмыш Заңның шикілігі үшін қызметінен кетсе, бұл әділетсіздіктің нағыз өзі. Өйткені, ең алдымен орынын босатуға тиіс адам, ол – Марченко. Елбасының ендігі жарлығы Ұлттық банктің Ұлы төрағсына бағытталып жатса, онда біздің елдегі үлкен саясатта сәл де болса таразының болғандығы… Артын бағалық.
Masa.kz