АЛТЫНОРДА
Новости

Минскіде ТМД министрлерінің жиыны өтеді

Бүгін Минскіде ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің жиыны өтеді. Кездесуде министрлер ТМД елдерінің 2015-2019 жылдарға арналған заңсыз миграциямен күрес бағдарламасының, адам саудасымен күресте ынтымақтастық концепциясының жобаларын талқылайды.

Ертең, 10 қазан күні Минскіде Еуразия экономикалық қауымдастығының мемлекетаралық кеңесі мен Еуразия экономикалық кеңесінің отырыстары өтеді. Оған Кеден Одағына (КО) мүше Ресей, Қазақстан, Беларусь және КО-ға келесі жылы кіруге ниетті Қырғызстан президенттері қатысады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26628365