АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мирзоян есімі Астана көшесінен өшірілді. Ендігі кезек – Алматыда

скачанные файлы (5)Қазақтың мықты генін сақтаған ұлт зиялыларының түбіне жеткен жендеттің аты Астанадан өшірілді. Ендігі кезек – Алматыда.

Қазақ халқының көптен күткен арманы орындалды. Астана қаласындағы Мирзоян көшесі ұлт мүддесі үшін қызмет еткен азаматтардың бірі Қаныш Сәтпаевтың атына өзгертілді. Сонымен қатар Елордадағы бінеше көшенің атауы ауыстырылып, жаңадан бой түзеген көшелерге де атау берілді.

Бұған дейін ашаршылық репрессия жылдарындағы зұлматта қазақтардың қынадай қырылуына қатысы болған Мирзоянның атын ауыстыруға Қазақстандағы армян диспорасының өкілдері үзілді-кесілді қарсы болғаны белгілі. Қарсы уәж айтқандар тіпті, биыл 24 сәуірге дейін «армян геноцидінің» 100 жылдығын атап өткенше, Мирзоян атауы ілініп тұра берсін деп өтінген. Бірақ қазақты қынадай қырғандар қатарындағы Мирзоянның аты өшіріліп, орнына қазақтың ағартушы ғалымы, қазақ ғылымына теңдессіз үлес қосқан біртуар азаматы – Қаныш Сәтпаевтың аты жазылды.

Оқырманның есіне сала кетсек, Левон Исаевич Мирзоян 1933-1938 жылдары ҚазақКСР Коммунистік партиясының Орталық комитетін басқарған. Сол Мирзоянның қолымен қазақ ұлтының қаймақтары құрбандыққа шалынды. Соңында оның өзі де ату жазасына кесілген. Мирзоянның қазаққа жасаған қысастығын тарихшылар дәйекті дәлелдермен анықтап, көпшілік назарына ұсынғалы да біраз уақыт өткен еді.

Ал Академик Қаныш Сәтпаев – өте талантты геолог, ағартушы ғалым, қазақ ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі әрі республикалық геологиялық қызметтің негізін салған, ҚазақКСР Ғылым академиясының академигі. Қазақ даласына тән талай кен орындарын ашуға атсалысқан, геология саласының қыр-сырын жетік меңгерген қазақ ғалымы талай игі бастамаға мұрындық болған. Демек, қазақты қырға жендеттің орнына ұлттың ұлын ұлықтау – өнегелі істердің бірі.

Cонымен, Астана қаласындағы ономастикалық комиссиясының шешімімен, осы кезге дейін ұған дейін шартты түрде аталып келген бірқатар көшелердің атауы да өзгерген. Атап айтқанда, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша шартты түрде «№142 көше» болып жүрген көше – Өзбекәлі Жәнібек көшесі аталды. Бұдан бөлек, Есіл ауданы бойынша: № 199 көше – Шыңғыс Айтматов көшесі; № Е-352 көше – Будапешт көшесі; № 209 көше – Ұзақ батыр көшесі; № 203 көше – Жәмеңке абыз көшесі; № 59 көше – Жантай батыр көшесі; № Е-487 көше – Зейін Шашкин көшесі; № Е-107 көше – Әмина Өмірзақова көшесі; №200 көше – Ілияс Омаров көшесі атлған.

11121801_10204203513354639_1822293357_n

Астана қаласындағы Сарыарқа ауданына қарасты №188 көшеге Шәймерден Қосшығұлұлының есімі берілген екен. Ал Асқар Тоқпанов көшесіне Дарабоз көшесі қосылып, ауқымы кеңейген. Тағы бір жаңалық, Тұрар Рысқұлов көшесі – Бұқарбай батыр көшесіне; Нұрғиса Тілендиев орамы – Аспандияр Кенжин көшесіне; Жерұйық көшесі (3-4 пикет) Рақымжан Дүйсенбаев көшесіне өзгертілген.

Қазақ қоғамын, әсіресе, алматылықтарды толғандырған мәселе – Алматыдағы Мирзоян көшесіне ұлт үшін күрескен азаматтардың атын бергізу. Бірнеше жылдан бері қызу пікірталасқа ұласқан да сол. Ұлт зиялыларын өз қолымен ажалға айдаған жендетке Алматыдан көше беріп, ұлықтау – мемлекеттік саясатқа, ұлттық идеологияға қайшы әрі билік басындағы азаматтардың ұстанымына сын.

 

0