АЛТЫНОРДА
Новости

Михаил Калашников қайтыс болды

Ресейдің Ижевск қаласында 23 желтоқсанда 95 жасында атыс қаруларын құрастырушы Михаил Калашников қайтыс болды. Ол құрастырған Калашников автоматы Ресейді әлемге танытқан символдардың бірі болды.

Калашников автоматы бірнеше мемлекеттің туында бейнеленген. Қазір ол Мозамбик, Зимбабве және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Шығыс Тимордың туларында бар. Калашников автоматы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әлемдегі көптеген қақтығыстарда негізгі атыс қаруы болды.

2007 жылы берген сұхбаттарының бірінде Калашников өзі құрастырған қару салдарынан адам қаны көп төгіліп жатқанынан күйзелмейтінін айтқан. «Оған бола күйзелмеймін. Оған келісімге келе алмай, қантөгіске жол берген саясаткерлерді айыптау қажет» деген ол.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20131224/330/330.html?id=25210278