АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

МОБИЛЬДІ ХҚКО ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК

скачанные файлы (1)Көптеген ауылдық мекендердің тұрғындары  ХҚКО қызметкерлерінің олардың жеріне нақты бір уақытта келетінін біледі.  Мобильді  топтың қызметкерлері көбінесе азаматтарды ауылдың орталығында орналасқан әкімдіктің ғимаратында қабылдайды.

Ауыл тұрғындары аудан орталығына шықпай-ақ Мобильді ХҚКО тобын шақырту арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін 212 мемлекеттік қызметтің кез келгенін алуға мүмкіндіктері бар. Мобильді топтар ауылдық мекендерге сапарға шығып, азаматтарды өз орындарында қабылдауды жүзеге асырады. 
Ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап Мобильді топтың құрамына шалғай жатқан ауылдық мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін ХҚКО қызметкерлерінен басқа,  ЗТМО және «Қазпошта» АҚ қызметкерлері кіріп отыр. ЗТМО қызметкерлері зейнетақы төлеу, жәрдемақы тағайындау сияқты әлеуметтік маңызды қызмет көрсетсе, «Қазпочта» АҚ қызметкерлері әлеуметтік төлем не болмаса зейнетақы төлеу үшін есеп шотын ашуға көмектеседі. 

Ауылдық мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерден басқа ЭЦҚ мәселесі, порталда тіркеу, құжаттарды ресімдеу және т.б. бойынша тегін кеңес ала алады.

Мобильді ХҚКО сапарлар кестесі әкімдік сайтында, жергілікті газеттерде, сонымен қатар вокзалдың ғимаратында және маршруттық автобустарда орналасқанын ескертеміз.             

Сөз ретінде, 2015 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Мобильді ХҚКО-ларында 60 000 қызмет көрсетілген, оның ішінде 30 397 – электрондық нысанда ұсынылды.

«ХҚКО» РМК-ның ОҚО бойынша филиалы

№ 5 қалалық бөлімінің   басшысы                       О.О. Боранов