АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]МС Сайлаубек болашақ жарын көрсетті (фото)[:]

[:kz]

  1. Белгісіз тілде ән салатын МС Сайлаубек осыдан бір жыл бұрын шаңырақ көтергісі келіп жүргенін айтқан болатын. Жуырда рэпердің осы тілегі орындалуы мүмкін.

image-81

Фото: instagram.com/mcsailaubek.official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

МС Сайлаубек өзінің желідегі парақшасына сүйіктісінің суретін салған емес. Сондықтан тыңдармандары оның жүрегін жаулап жүрген ару бар деп ойламаған-ды. Алайда ол бірер күн бұрын бейтаныс бойжеткенді құшақтап түскен суретін бөлісті.

Суреттен бойжеткеннің жай ғана тыңдарманы емес, болашақ қалыңдығы екенін байқауға болады. Десе де мұның қаншалықты рас екені жуырда анықталады. Рэпер қолына бақыт құсын қондырды деген ниеттеміз.

Источник: Stan.kz

[:]