АЛТЫНОРДА
Новости

МҮГЕДЕК ҚЫЗ РОМАНДЫ АЯҒЫМЕН ЖАЗДЫ

«Сал ауруымен ауыратын Қытай тұрғыны Ху Хуэйюань аяғымен кітап жазып шықты» деп жазады The Daily Mail. 21 жастағы бойжеткен аталған аурудан толықтай қимылсыз күйге түскен. Оның жазып шыққан кітабы 60 мыңдай сөзден тұрады.

Әрбір минутта ол аяғымен 20-30 сөз жаза алады екен. Қыздың ата-анасының айтуынша, Ху Хуэйюань дертінің салдарынан кішкентайында мектепке бара алмай қалған. Дегенмен, бойындағы білімге деген ерік-жігерінің арқасында ол теледидар арқылы хат таниды.

Жазушылық қасиеті де кішкентайынан оянған. Айта кетерлігі, Ху Хуэйюань туылған кезде дәрігерлер оны он күннен көп өмір сүрмейді деп ауруханаға жатқызудан бас тартқан көрінеді.

BAQ.KZ

Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/64388