АЛТЫНОРДА
Новости

Мүгедектер үшін квота қарастырылады

Астана. 3 мамыр. Baq.kz-Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру әрбір қазақстандықтың еңбекке теңдей мүмкіншілігін қарастыруды көздейді. Сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесіне айрықша ықылас қою қажет. Осыған орай әлеуметтік жұмыс орындарына қатысты заңнамалық нормаларды да қайта қарастыратын уақыт жетті. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда белгіленген «жұмыс орындары жалпы санының 3 пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарынан квота бөлу» талабы орындалмауда.

Осылайша, Қазақстанның алдында еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру жөніндегі күрделі міндеттері тұр. Бұл міндеттерді орындауға тек өкімет пен жергілікті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ, оның идея, ой-пікірлері мен мүдделерін ілгерілетуге үлес қосуы тиіс үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде атсалысулары керек. Яғни, қазақстандық қоғамның барлық институттарының өзара тиімді қатынасы нәтижесінде әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруға болады.
http://www.baq.kz/kk/news/27652