Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзі туып-өскен жерi туралы аз жыр жазбаған. Әсіресе, «Атамекен» дастаны кезінде көпке ұнағаны белгілі. Ақынның кез келген өлеңінен табиғаттың көркем бейнесін сезінесіз.
Дүлдүл ақын дүниеге келген өңірді, ондағы жер-су аттары, бірге ғұмыр кешкен жандар туралы жерлесі Елеусіз Ахметкерімұлы да құнды дүниелер жазып келеді. Күні кеше оның «Мұқағали ақынның атамекені» атты кітабы 1000 данамен жарық көрді.
Географ-ұстаз әрі заңгер ақын жастайынан әруақты ағасының жырларын жаттап өскен. Тіпті Мақатаев мұраларын насихаттаушы десе де болады. Яғни – мұқағалитанушылардың бірі. Автордың жаңа кітабы соған дәлел бола алады. Туындыдан оқырман ақынның туған жері жөнінде тың дүниелермен бірге тарихи деректерді де табуға болады.
Кітап мұқағалитанушылар мен ізденушілердің қажетіне жарайтын құнды дүние.
Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ
http://www.aikyn.kz