2016 жылдың 17 наурызында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «Ажар» (Astana Mall) ойын сауда орталығында ««Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ «Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып отыр. Айтулы жәрмеңке келесі мекен жай бойынша өтеді: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылығы 34.
Жәрмеңкенің басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы толық ақпарат беру.
Аталмыш шарада Елорданың 20 жұмыс берушілері қатысып, 120 бос жұмыс орындары ұсынылатын болады.
«Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыспен қамту орталығының мамандары арнайы оқу орындарының түлектеріне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жастар практикасын өтуге, халықтың нысаналы топтағы тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат таратып, кеңес беріледі.